GGG мен «Канелоға» арадағы қаржы дауын шешудің оңтайлы жолы ұсынылды
ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасында өтуі тиіс жекпе-жектің қаржы мәселесін шешудің жолын ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы жекпе-жектен түсетін кірісті 50-де 50 етіп, теңдей бөлуді ұсынып отыр. Ал «Канело» кірістің 65 пайызын алып, қарсыласына 35 пайызды ғана қалдаруды ұсынып отыр. </span>
<span>«Осы ретте мен тағы бір мәселеге назар аударғым келеді. Яғни Головкинге «Канелоның» кірісін өзінікінен 5 немесе 10 пайызға көп етіп қойып, кездесуді өткізуге келісім беру керек. Сонда Головкиннің үлесі 40% болады да, «Канелонікі» 45% болады. Ал жеңімпаз қалған 15%-ті де алады. Осылайша, «Канело» жеңген жағдайда кірістің 60% алады, GGG жеңсе, оның да қаржысы қомақты болады», - деді Рафаэль.</span>