Данияр Елеусінов қарсыласы анықталды

Данияр Елеусінов қарсыласы анықталды

<span>Кәсіпқой боксқа жаңадан ауысқан Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды.</span>

<span>Кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегінде Шахром Гиясовтың бұрынғы қарсыласы болған боксшымен кездеседі. Рио Олимпиадасының чемпионы венгриялық Габор Горбичке (24-11 14KO) қарсы жекпе-жек өткізеді. Рио Олимпиадасының финалында отандасымызға есе жіберген Гиясов Горбичтпен жұдырықтасып, кәсіпқой бокстағы 2 жеңісіне қол жеткізген болатын. </span>

Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или