Ақтауда FIFA талаптарына сай футбол алаңы салынып жатыр

Ақтауда FIFA талаптарына сай футбол алаңы салынып жатыр

<span>Бұл – жергілікті іскер азаматтардың балаларға жасаған тартуы. Жақында ұзындығы 60, ені 40 метр болатын алаңға кәсіби жабын төселеді. Қақпа орнатылып, жарық қойылады. </span>

<span>Футбол алаңы №21 мектептің ауласында орналасқан. Аталған білім ордасында қыркүйек айында облыстағы алғашқы мамандандырылған футбол сыныбы ашылады. Онда 22 бала футболмен кәсіби түрде машықтанады. 4 бірдей тәжірибелі жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл жобаны кәсіпкерлер іске асырады. </span>

<span>- Бұл мамандандырылған сыныпта 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін жаттығу жасалынады. Балалардың мектеп бітіргеннен кейін жақсы маман болып келіп, біздің Ақтау қаласында жұмыс жасауға мүмкіндігі болады. Болашақта мұндай сыныптарды қаланың өзге де мектептерінен ашуды жоспарлап отырмыз, - деді қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или