«Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді
Елордалық «Астана» футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында кезекті үш ұпайына қол жеткізді.
Бабаян шәкірттері сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездескен. Матч есебі 22-минутта ашылды. Марин Томасов оң қанаттан ортаға қарай ығысып, Патрик Твумасиге пас қалдырған. Ганалық футболшы оңтайлы тұстан мүлт кетпеді. Екінші таймның басында Серікжан Мужиков есепті еселеді – 2:0.
Осы матчтан соң «Астана» 37 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды. Бірақ елордалық ұжым басқалардан екі матч көп өткізді. Ал «Қайсар» 12 ұпаймен 9-шы орында тұр.
«Қайсар» - «Астана» 0:2 (0:1)
Голдар: 0:1 – Твумаси 22, 0:2 – 55
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или