Жапон футболшылары әлем чемпионатына дайындықты бастады

Жапон футболшылары әлем чемпионатына дайындықты бастады

<span>Бүгін Жапония құрамасының бас бапкері Акиро Нисино Ресейдегі әлем чемпионатына кімдердің баратынын анықтайды. </span>

<span>Құрама тізгінін сәуір айында ұстаған жаттықтырушы футболшылардың қарымын Ганаға қарсы жолдастық кездесуде байқап көреді. Йокагама қаласындағы матчта Нисино тактикалық өзгерістер жасап, үш қорғаушымен ойнап көретіндерін жеткізді. Шабуыл шебінде Синдзи Окадзаки бар. Оған қос қапталдан Кейсуке Хонда мен Кагава дем беруі тиіс. Жапония Ганадан бөлек Швейцария және Парагваймен жолдастық кездесу өткізеді. Ал әлем чемпионатында Колумбия, Польша, Сенегалмен бір топта ойнайды. </span>

<span>– Ганамен болатын жолдастық ойында қорғаныс шебінде бірнеше өзгерісті байқап көремін. Әлем чемпионатында Колумбияға қалай қарсы тұрамыз деген сауалдың жауабын іздейміз. Біз үш немесе төрт қорғаушымен ойнаудың қайсысы дұрыс екенін анықтап алуымыз керек. Содан кейін әлем чемпионатына кімдердің баратынын білетін боламыз, - Жапония құрамасының бас бапкері Акира Нисино.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или