Сейдахметтің командасы әлі жаңа бас бапкер таба алған жоқ

Сейдахметтің командасы әлі жаңа бас бапкер таба алған жоқ

2016 жылдың желтоқсанынан бастап «Уфа» командасын баптап келген Сергей Семак жақында «Зенит» командасына ауысып кетті, деп жазады prosports.kz сайты.

Ресейлік маман «Уфа» командасымен биыл сәуір айының басында жаңа келісімшартқа қол қойғанына қарамастан Санкт-Петербург қаласынан түскен ұсыныстан бас тарта алмады.

Осы жағдайға байланысты «Чемпионат» сайтына сұқбат берген уафалық команданың басшысы Шамиль Газизов командасына әлі бас бапкер таба алмағанын айтыпты.

- Олар Семакты Манчинидің орнына шақыруды ойластырып жатқанын айтқан кезде,  мен де өз командама бапкер іздей бастадым. Біз кез-келген өзгерістерге дайынбыз. Сол үшін Сергейді алмастыра алатын маманды табамыз. Бірақ қазірше жаңа бас бапкер таптық деп айта алмаймын. Менде тіпті нақты үміткерлердің тізімі де жоқ, әзірге. Десе де, 10 күн ішінде біз міндетті түрде бір хабарын айтатын боламыз, - дейді Газизов.

Естеріңізге сала кетейік, «Уфа» командасының сапында қазақ футболының үміті, жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или