«Ертіс» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

«Ертіс» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Павлодар облысы футбол федерациясының президенті Ұлан Жазылбек «Ертіс» футбол клубының ұжымына клуб директорының міндетін атқарушы - Торсықбаев Ардақ Қайырлыұлын таныстырды, деп хабарлайды prosports.kz сайты павлодарлық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Торсықбаевтің спорт саласында мол жұмыс тәжірибесі бар. Спорттық мектептің бастығы, Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары, Павлодар қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметін атқарған. Бұдан бөлек, Павлодар қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары болып жұмыс істеген.

Осыған дейін «Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры Жанайдар Дүйсембаевтің қызметінен кеткені хабарланған болатын.

Ұлан Еркінұлы жаңа басшыға еліміздегі ең титулды клубты басқарып жаңа деңгейге жеткізуді тапсырды. Әрі осы маусымда алға қойылған мақсат - Премьер лигада үздік үштіктен көріну екенін ескертті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или