Бокс

Головкин Канелоның орнына басқа кіммен кездеспек

Головкин Канелоның орнына басқа кіммен кездеспек
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің командасымен келісе алмағандарын, сондықтан рематч өтпеуі мүмкін екенін айтты.

«Канеломен келісе алмасақ, Головкин Билли Джо Сондерспен емес, міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесіп, титулын қорғайды. Сондерс 23 маусымда жұдырықтасады, біз абсолютті чемпион атағы үшін кездесу өткізуге келісіп үлгере алмаймыз», - деді Леффлер.

Головкин пен Альварес 15 қыркүйекте рингке шығуы керек болған, алайда екі тарап сыйақы мөлшері бойынша келісе алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер