Футболшы Рамазан айында 40 адамның қарызын төлеп, түрмеден шығарып алды

Ұлыбританиялық "Лестер" футбол клубының нигериялық шабуылшысы Ахмед Муса Кано қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан 40 нигериялықты босатты, - деп хабарлайды Sportinglife.ng.

Футболшыға кей адамдардың қарызын өтей алмағандықтан, түрмеге қамалғаны жайлы хабар жеткен. Соның нәтижесінде ойыншы сотталушылардың қарызын өтеп беруді және кәмелет жасына толмаған төрт баланың айыппұлын төлеп берген.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Муса Нигерияда бұрыннан қайырымдылықпен айналысумен танымал болған. Көбіне ол елдің әр қаласында аз қамтылған отбасыларға азық түлік пен қаражат тарататын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или