Юрген Клопп: Салах тезірек сауығып кетсе екен
«Ливерпульдің» негізгі ойыншысы Мұхаммед Салахтың жарақат алғаны матч тағдырына әсер етті», – дейді Юрген Клопп.
Рамостың әрекеті естен тандырды десем, артық айтқандық емес. Бас бапкердің ашынатын жөні бар. Ағылшын командасы ойынды сәтті бастады. Әлгі Салах сол қанаттан лап беріп, «Реал» қорғанысының құтын қашырды. Рамос та соны сезген болуы керек. Ұрымтал сәттің бірінде шабуылшының білегін қолтығына қысып құлай кетті. Салах сол сәтте иығын ауыртып алды. Енді екі аптаға дейін емделуі тиіс. Тіпті әлем біріншілігіне барып-бармауы екіталай.
– Жоспар жеңіске жету еді. Ойынды әдемі бастадық. Сосын әлгі Рамостың әрекеті. Бәріміз естен тандық десем болады. «Реал» сол жағдайды дұрыс пайдаланды. Біз қорғануға мәжбүр болдық. Модрич пен Кроосқа қысым жасай алмадық. Салах тезірек сауығып кетсе екен. Тілегім осы, - дейді <span>«Ливерпуль» командасының бас бапкері </span><span>Юрген Клопп.</span>