«Астана арландары» ақтық сынға жолдама алды
Бүгін бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жартылай финалда «British Lionhearts» командасымен кездесті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Атырау қаласында өткен кездесу 4:1 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.
Бұл жартылай финалдық кезеңдегі «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы қарымта кездесу болатын. Алғашқы кездесу Шеффилд қаласында өтіп, «Астана Арландары» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бүгін алғаш болып шаршы алаңға 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов пен Уилл Коули шығып, қонақ команданың боксшысы жеңіске жетті.

Ал екінші болып күш сынасқан Серік Теміржанов (60 келі) қарсыласы Калум Френчті 2:1 есебімен жеңіп, бүгінгі есеп теңестірді.
Одан кейін жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. 3:0 есебімен Карл Фэйлді оңай ұтты.
Төртінші болып шаршы алаңға шыққан Бек Нұрмағамбет пен Лиридон Нуха (81 келі) жұбында да қазақстандықтың бәсі басым болды. Отандасымыз қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, «Астана арландары» уақытынан бұрын турнирдің финалына жолдама алды. Енді қалған бір жекпе-жек кездесу қорытындысына әсер ете алмайтын еді.
Ал соңғы жекпе-жекте ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев пен Дакрес Соломон қолғап түйістірді. Нәтижесінде Қамшыбек қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, қос кездесудің қорытынды есебі 7:3 болды. Қазақстандық клуб бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалына шықты.
Енді «Astana Arlans» клубының осы маусымдағы жорық жолына қысқаша тоқталып өтейік:
Жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан -«Indian Tigers» және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Отандастармыз алғашқы кездесуін Қарағанды қаласында «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен оңай ұтқан еді.

Екінші кездесуінде ресейлік «Patriot Boxing Team» клубын Бурабайда қабылдап 5:0 есебімен жеңген.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен үшінші кездесуінде астаналықтар дәл сол қарсыласына дәл сондай есеппен есе жіберді.
Төртінші кездесуде астаналықтар Үндістан еліне қонаққа барып, жергілікті «Indian Tigers» клубын 2:3 есебімен жеңіп қайтты.
Бесінші кездесуінде қытайлық «China Dragons» командасын сырт алаңда 0:5 есебімен жеңген болатын.
Ал топтағы соңғы кездесуде Тараз қаласында тағы сол қытайлық «China Dragons» боксшыларын қабылдап, тағы да 5:0 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз жартылай финалға жолдама алған еді.
Ал жартылай финалдың алғашқы матчы Англияның Шеффилд қаласында өтіп, «Астана Арландары» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.