Чемпиондар Лигасының финалын «Qazsport» арнасы көрсетеді
Чемпиондар Лигасының финалын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
26 мамыр күні Чемпиондар лигасының ақтық сынында бақ сынасатын командалар Украина астанасы Киевтегі «Олимпийский» стадионында кездеседі. Футбол жанкүйерлері асыға күткен финалға «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» кәрі құрлықтың басты додасының жүлдесін сарапқа салмақ.
Осы күнге дейін «Реал» өз тарихында 15 рет финалға шығып 12-інде жеңіске жетcе, «Ливерпуль» командасы 7 рет финалға шығып 5 мәрте жеңімпаздар қатарында болды.
Мадридтік «Реал» бұл ойында Чемпиондар лигасын қатарынан үш мәрте жеңімпазы атануға мүмкіндік алса, «мерсисайдтықтар» 11 жылдан кейін еурокубоктердің финалына шығып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін «Реал Мадрид» мен «Ливерпульдің» финалда ойнайтын құрамын жариялаған болатын.