Роналду: Салах маған ұқсамайды
«Реал» жұлдызы Криштиану Роналду өзін «Ливерпульдің» футболшысы Мохамед Салахпен салыстыратындарға жауап берді.
«Біз – екі түрлі футболшылармыз. Адамдарға мені басқалармен салыстырған ұнайды, бірақ мен өзгелерге ұқсамаймын. Салах менен басқаша, ол солақай, мен оңқаймын. Мен бойшаңмын, ал оның бойы менен аласалау. Мен баспен жиі ойнаймын.
Алайда Мохамед Чемпиондар лигасында ғажайып өнер көрсетіп, чемпионатта тамаша маусым өткізді. Бірақ сенбіде бәрін көрерміз», - деді Роналду.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или