Бокс

Головкин соққысы қуатты боксшылардың үштігіне кірді

Головкин соққысы  қуатты боксшылардың үштігіне кірді
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы қуатты боксшылардың рейтингісін жасаған.

Рейтінгіде қазақстандық, жеңіліп көрмеген, WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Головкиннің алдын аса ауыр салмақтағы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) мен Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) ғана орап тұр.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңген.

Келесі кездесуін қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен өткізеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер