Головкин әлемдегі ең үздік 100 спортшының тізімінде Пакьяо мен Кличкодан озып кетті

Головкин әлемдегі ең үздік 100 спортшының тізімінде Пакьяо мен Кличкодан озып кетті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық беделді телеарна ESPN-нің әлемдегі ең үздік 100 спортшы енген тізімінде 61-орынға жайғасты.

Тізімде Головкин белгілі футболшылар бразилиялық Дани Алвеш пен испаниялық Сеск Фабрегастың арасына (тиісінше 60, 62- орындар) жайғасқан.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы тізімде Мэнни Пакьяо (63-орын) мен Владимир Кличкодан (74-орын) озып кетті.

Айта кетсек, аталған тізімге әртүрлі спорт түрі бойынша спортшылар енген. Көш басында «Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы Криштиано Роналду тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или