Жанкүйерлер «Ақтөбеге» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады

Жанкүйерлер «Ақтөбеге» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Ақтөбеге» қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.

Аталмыш кездесуде Григорий Бабаян шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осы кездесуде нәтижелі пас беріп, еншісіне тағы бір гол жазған Марин Томасов жанкүйерлер тарапынан 43,5% дауыс жинап, үздік атанды.

Екінші орында Дмитрий Шомко. Елордалық команда капитаны да бұл кездесуде нәтижелі пас беріп, жеңіс голын соқты. Оны қолдаушылар көрсеткіші 25,6%.

Үздік үштікті Патрик Твумаси қорытындылады. Ганалық шабуылшы нәтижелі әрекетімен көзге түспесе де, ойын барысында қарсылас команда айып алаңында өте үлкен қауіп төндірумен болды.

Дауыс беру бойынша үздік бестік:
1.Марин Томасов 43,5%
2.Дмитрий Шомко 25,6%
3. Патрик Твумаси 11,2%
4.Абзал Бейсебеков 6,1%
5.Джордже Деспотович 5,1%
Сауалнамаға 2 536 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или