Ақтөбенің Орталық стадионы жанкүйерлерді қабылдауға рұқсат алды
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Сертификация комиссиясының отырысы өтті. Жиында Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионнан «Матчтарды жанкүйерсіз өткізу» санкциясын алып тастау жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.
<span>Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион тәуелсіз сарапшы ұйымынан стадионды пайдалануға болатыны жөнінде Техникалық қорытынды туралы құжат ұсынып, техникалық тексеру процесінен сәтті өтті. Бұл арқылы спорттық ғимараттың әкімшілігі Сертификация ережесінің V қосымшасының 5-бабының f-тармағын орындады.</span>
<span>Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының Сертификация комиссиясы «Мұнайшы» (Атырау) мен «Орталық» (Тараз) стадиондарына да матчтарды жанкүйерсіз өткізу санкциясы қабылдаған болатын.<span id="ctrlcopy"><br /></span></span>