Дмитрий Непогодов: Нәтиже бірінші кезекте тұрды

Дмитрий Непогодов: Нәтиже бірінші кезекте тұрды

«Тобыл» ФК қақпашысы Дмитрий Непогодов Шымкенттегі ойын туралы пікір білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- «Ордабасыдан» басым түскен соң бірінші айналымды сенімді аяқтай алдық деп айтуға келе ме?

- Олай деп нақты айтуға болмас. Себебі, чемпионаттың үштен бір бөлігі ғана өтті, барлығы әлі алда. Біз жеңіске жеттік. бастысы осы.

- Саған алыстан бағытталған соққыларды қайтаруға тура келді. Бұл ойын қаншалықты қиынға соқты?

- Біздің қақпаға айтарлықтай қауіпті сәттер болған жоқ. Сол үшін де қорғаушыларға алғысым шексіз. Жігіттер алаңның әр тұсында допқа талас жүргізді. Тіпті, шабуылшылар да қорғанысқа көмек беріп отырды.

- Сеніңше, команда «Ордабасыға» қарсы қойылған тактиканы орындай алды ма? Немесе ойын барысында ол өзгерді ме?

- Ойында жеңіске жеттік, сол себепті бапкер тапсырмасы орындалды. Бұл кездесуде нәтиже бірінші кезекте тұрды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или