Клопп: Салах ғажайып маусым өткізді, бірақ Роналдуда ондай 15 маусым бар

Клопп: Салах ғажайып маусым өткізді, бірақ Роналдуда ондай 15 маусым бар

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп өз командасының ойыншысы Мохаммед Салахты «Реал Мадрид» шабуылшысы Криштиану Роналдумен салыстыру әлі ерте деп санайды.

«Мо ғажайып маусым өткізді, бірақ Роналдуда ондау маусымның 15-і бар. Ол, 47 мың гол соққан шығар – таңқаларлық сандар ғой.

Біз неге ойыншыларды салыстыруымыз керек? Пеленің кезінде оны ешкіммен салыстырмады ғой. Бізде қазір Месси мен Роналду бар. Шешуші сәттерде олар гол соғу үшін дұрыс позиция таңдайды. «Алтын допты» екеуі ғана сарапқа салып жүр. Олар мансабын аяқтаған кезде, бізге сол екі футболшы жетіспей тұрады», - деді Клопп.

Айта кетейік, «Ливерпуль» мен «Реал» 26 мамырда Киевте Чемпиондар лигасының финалында кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или