Бокс

Чавес: GGG-мен шықсам жай жұдырықтасу үшін емес, жеңу үшін шығамын

Чавес: GGG-мен шықсам жай жұдырықтасу үшін емес, жеңу үшін шығамын
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық 32 жастағы боксшы кіші Хулио Чавес (50-3-1, 32 КО) қазақстандық 36 жастағы боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Екі не үш жекпе-жек өткізіп, өзімді дұрыс қалыпқа келтіріп, жекпе-жекке шығауға дайын боламын. Шаршы алаңға GGG-мен шығатын болсам жай ғана жұдырықтасу үшін емес, жеңу үшін шығамын", - дейді Чавес.

ESPN веб-сайтындағы сұхбатындағы Чавестің Головкинмен өткізісі келетін жекпе-жегіне пір білдіре кетсеңіз деген оқырман сауалына сарапшы былай деп жауап берген болатын: «LOL. Чавес жай ғана шегіп алған».

Айта кетейік, өткен жылы мамырда кіші Чавес өз отандасы Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп қалған еді. Осыдан кейін ол бокстан үмітін үзгенін айтқан еді. Содан кейін шаршы алаңға шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер