Хоккейден Әлем чемпионатының финалына шыққан құрамалар анықталды

Хоккейден Әлем чемпионатының финалына шыққан құрамалар анықталды

Данияда өтіп жатқан хоккейден Әлем чемпионатының финалына шыққан құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

<span>Жартылай финалда </span>Швеция құрамасы АҚШ хоккейшілерін 6:0 есебімен тас-талқан етіп, финалға шықты. Ал екінші жартылай финалдық жұпта Канада мен Швейцария құрамалары кездесіп, еуропалықтардың жолы болды. Есеп 2:3

Осылайша, Әлем чемпионатының финалына Швеция мен Швейцария құрамалары шықты. Бұл матч 20 мамырдан 21 мамырға ауған түні Астана уақыты сағат 00:15-де басталады.

Ал солтүстік америкалық қос құрама үшінші орынға таласады. Бұл ойын <span>20 мамыр 19:45-де өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или