Буффонның бұрынғы командасы Италия А сериясына оралды
Италия футболының тарихындағы ең атақты клубтардың бірі «Парма» келесі маусым Италия А сериясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

«Парма» футбол клубы 2015 жылы маусымда банкрот болғанын жариялап, Италияның төртінші дивизионына (D лигасы) түсіп қалған еді.

Бірақ, араға үш жыл салып Италияның ең жоғарғы лигасына оралып отыр. Олар осы үш жылда үш саты көтерілді. Алдымен, 2015/16 жылғы маусымда Италия С сериясына, 2016/17 жылғы маусымда Италия В сериясына, ал биыл А сериясына жолдама алып отыр.

2015 жылы команда таратылғанда клуб сапында қалған жалғыз ойыншы - Алессандро Лукарелли. Биыл жазда 41 жасқа толатын Лукарелли сол кезде команда капитаны болатын. Сүйікті командасы таратылғаннан кейін ол жалғасты клубта қалып, қайтадан А сериясына оралуға бел байлайды. Әрі сол арманына жетіп отыр.

Кезінде «Парма» сапында мынадай жұлдыздар доп тепкен.