Хайме Мунгия: Канело сияқты Головкиннен қашпаймын

Хайме Мунгия: Канело сияқты Головкиннен қашпаймын

Бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы пікірін айтты.

- Әрине, Головкинмен немесе Канеломен жұдырықтасқым келеді. Бұл бір немесе екі жылдан кейін болатын шығар. Сол кезде дайын боламын. Головкинмен жақсы жекпе-жек шығады. Канело сияқты одан қашпаймын. Мексикалық Канеломен де жақсы кездесу болар еді, - деді Мунгия.

Естеріңізде болса, 5 мамырда Головкин Мунгиямен жұдырықтасқысы келген. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы жекпе-жекті өткізуге рұқсат берген жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или