Германияда Головкинді чемпион ретінде мойындамады – боксшы

Германияда Головкинді чемпион ретінде мойындамады – боксшы

BILD басылымы орта салмақтағы германиялық кәсіпқой боксшы Джек Кулкайдың (23-3-0, 11КО) қазақстандық Геннадий Головкинге қарсылас атануы мүмкін екені туралы жазған болатын. Осы орайда спортшының өзі де GGG-мен бокстасқысы келетінін жасырмады.

«Золотой Джек» лақап атымен танымал 32 жастағы боксшы (орта салмақтағы BoxRec әлемдік рейтингінде 16-орында) Головкинмен жанама қатысы барын айтты.

«Головкинмен бокстасқым келеді. Ол – әлем чемпионы. Айтпақшы, әйелім – Қазақстанның тумасы. GGG-ге қарсы жекпе-жек үлкен айқас болар ма еді? Оған қоса допинг дауына байланысты «Канеломен» жекпе-жек кейінге қалып тұр. Головкин Америкаға кетіп дұрыс жасады... Германияда оны чемпион ретінде ешкім мойындамады», - деді ол.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или