Садриддин Ахмедовтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Садриддин Ахмедовтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Boxrec.com сайты.

26 мамыр күні Канада елінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын «Қазақ сарбазының» қарсыласы анықталды. Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында сынға түсетін отандасымыз аргентиналық боксшы Ариэл Алехандро Зампедримен (9-3-0, 7КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек орта салмақта, 4 раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или