«Атырау» клубы жанкүйерлері үшін айыппұл төлейді

«Атырау» клубы жанкүйерлері үшін айыппұл төлейді

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті Астанадағы отырыс кезінде Қазақстан Республикасы чемпионатының регламентін бұзған футбол командаларына қатысты шешім шығарды.

Қазақстан Республикасы чемпионатының Х туры аясында өткен "Атырау" — "Астана" ФК матчы кезінде көрермендер трибунадан алаңға бөтелке лақтырып, ал жанкүйерлердің бірі ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан. "Атырау" ФК 16 маусымға дейін 300 АЕК, яғни 721 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қазақстан Республикасы чемпионатының регламентін бұзған, дәлірек айтсақ, қол алысу үшін алаңға шықпаған "Атырау" ФК бас бапкері Сосновский Андриан Вячеславовичке 100 АЕК, яғни 240 500 теңге айыппұл салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или