Назым Қызайбай төрт дүркін Қазақстан чемпионы атанды
Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай чемпион атанды.
<span>Назым финалда оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербековамен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Назым Қызайбайдың ел біріншілігінде төртінші рет топ жаруы. Сондай-ақ, 48 келі салмақта жамбылдық Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Ол финалда Ақмола облысының спортшысы Айгерім Қасенаевадан айласын асырды.</span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы ел біріншілігінде де осы екі боксшы финалда жұдырықтасып, Назым Қызайбайдың жеңісімен аяқталған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или