«Арыстанда» өткен бокс турнирі
«Арыстан» мамандандырылған лицейінде жыл сайын дәстүрлі түрде Лицей бастығы, запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы Сәбит Тауланов атындағы Кубок үшін бокстан турнир өткізіледі.
Биылғы турнир Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің құрметіне арналып, 2001-2002 және 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы түрлі салмақ категориясы бойынша ұйымдастырылды.
14 мамырда күндізгі сағат 11-де «Арыстанның» спорт кешенінде турнир салтанатты түрде ашылды. Биылғы жарысқа келген боксшылардың саны 100-ге жуық болды. Астана қаласынан, Алматы қаласынан, Талдықорғаннан, алматылық РФМШ, алматылық СДЮШОР-10, Талғар, Қаскелең,Ұзынағаш, Есіктен келген жасөспірімдердің боксқа деген сүйіспеншілігі, жеңіске деген құштарлықтары ерекше болды. Ашылымнан кейін ширек финалға шыққандардың өнері тамашаланды. Келген командалар «Арыстан» лицейінің оқу, спорт кешендерімен танысты. Ертесі күні, 15 мамырда жартылай финалға шыққандар мен үшінші орынға табан тіреген боксшылардың қызу тартысты жекпе-жектері өтті. Әр сайыс 3 раунд, екі минутқа созылды.
Жақсы өнер көрсеткен боксшылар өздерінің шеберліктерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олар: Тоқтар М., 46 кг, Талғар; Бажылдақов А.,46 кг, Талдықорған; Ғазизов А., 48 кг, Жанабаев О.,48 кг, Талғар; Аязов Н.,50кг, «Арыстан»; Муканов Н., 50 кг, Есік; Усербаев А., 52 кг, «Арыстан»; Абилда Д.,54 кг, СШОР; Ахмет Ж., 57 кг, Мұхаметжан Н., 81кг «Арыстан»; Шанақбай А., 60 кг, Талғар; Калкөз Д., 49 кг, РФМШ; Нуриев А., 56 кг, Ұзынағаш; Қожаназар Д., 81 кг, Астана; Лученков М.,75кг, «Арыстан» т. б....
Бокстан «Арыстан» мамандандырылған Лицейі жетекшісінің атындағы Кубокқа қатысушылар мынадай жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлде, яғни Кубок мамандандырылған «Арыстан» лицейіне бұйырды. 1- орын: Бакытжан К.-10 класс, Лученков М.- 11класс, Аязов Н.-10 класс, Усербаев А.-9«Б» класс, .9 «Г» класс, Ахмет Жандостар алды.
2 орын: Жанабаев О.-10 класс, Галымулы Д.-10 класс, Адас А.-10 класс, Хамзин -10 класс.
Умерджанава Жанар.