Шүменовтің жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалайды
WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақтарда әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов рингке 7 шілдеде Астанадағы бокс кешінде оралады.
Отандасымыз WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады. Қазақстандық боксшының қарсыласы неміс боксшысы Хизни Алтынкая. Хизни Алтынкая кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңілген.
Аталған бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или