Әлем чемпионаты тарихындағы 100 жүйрік (100-90)
2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.
<span>Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған ерекше күн - бүгіннен бастап prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшының есімін ұсынады. (</span><span>Бұл тізімді Англияның «The Daily Mail» басылымы дайындаған).</span>
Алдымен 100-90-шы орындардағы аңыз ойыншылар.
100. Саид аль-Овайран (Сауд Арабия) 1994, 1998

Сауд Арабияның саңылақ ойыншысы. 1994 жылғы Әлем чемпионатында Бельгиямен Сауд Арабия құрамалары кездесті. Дәл сол ойында Овайран төрт бірдей қорғаушыны алдап өтіп гол соққан болатын. Оны әлемге тантып, Арабияның Марадонасы атандырған осы сәтте ол 70 метрден астам жерге доппен жүгіріп өткен екен.
99. Гари Армстронг (солтүстік Ирландия)1982

1982 жылғы Әлем чемпионатында бір ойында бүкіл әлемге белгілі болды. Испан жерінде өтіп жатқан чемпионатта отағасы құраманың қақпасынан саңылау тауып, өз командасын 1:0 есебімен жеңіске жетеледі.
98. Гиджа Альбердес Эдгардо (Уругвай)
1950 жылғы чемпионаттың ақтық финалы. Бразилияның айгілі «Маракана» стадионында Урагвай құрамасы отағасыларды 2:1 есібімен ұтып чемпион атанған сәтте, жергілікті 20 мың жанкүйердің қайғысына орай Бразилия қақпасына соңғы гол соққан осы кісі болатын.
97. Томаш Скухравы (Чехсловакия) 1990

Бұрынғы Чехсловакияның осы бір еңсегей бойлы шабуылшысы 1990 жылғы Италия еліндегі чемпионаттың үздіктері қатарынан табылды. 1/8 финалда Коста-рика құрамасына қарсы ойында Хет-трик жасағаны бар.







