Бокс

IBF Головкинге ультиматум қойды

IBF Головкинге ультиматум қойды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин қандай жағдайда IBF титулын сақтап қала алатыны белгілі болды.

IBF Головкиннің 5 мамырда ұйым белбеуіне негізгі үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанын қалаған. Алайда Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен кездесетін болды. Бұл жекпе-жекте Головкин IBF титулын қорғамайды.

Бұл жағдайда қазақстандық боксшы IBF белбеуінен айырылып қалуы ықтимал. Титулын сақтап қалуы үшін Головкинге 5 мамырдағы жекпе-жегінен соң 90 күн ішінде Деревянченкомен жұдырықтасу қажет. Демек, 3 тамызға дейін Головкин – Деревянченко кездесуі өтуі тиіс.

Айта кетейік, көптеген бокс мамандары қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді деп болжаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер