Бокс

Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін

Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Головкин мен Альварестің өкілдері жекпе-жекті 2018 жылдың күзінде өткізу үшін келіссөз жүргізеді. Жекпе-жек 15 қыркүйекте өтуі мүмкін.

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекті кейінге шегеруге қарсы емес.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Канело арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған. Алайда ақпан айында Альварестің қанынан допинг табылып, соның салдарынан мексикалық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Алайда Головкин өзінің келесі жекпе-жегін жоспарлаған уақытында, яғни, 5 мамырда өткізбек. Бұл кездесудегі қарсыласы кім болары белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер