Головкиннің командасы жекпе-жек аренасын ауыстырмақ

Головкиннің командасы жекпе-жек аренасын ауыстырмақ

Геннадий Головкиннің командасы 5 мамырдағы жекпе-жегін Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өткізбек. Сол үшін GGG Promotions компаниясы осы бейсенбіде Невада штатының атлетикалық комиссиясымен кездеседі.

Егер Альварес допинг-сынамасы үшін 5 мамырдағы жекпе-жекке қатыса алмайтын болса, GGG Promotions жанкүйер сыйымдылығы аздау аренаға ауыспақ.

Головкиннің өзі қай қарсыласпен болса да, 5 мамырда Лас-Вегаста жұдырықтасатынын айтқан. GGG-дің қарсыласы ретінде күнде түрлі боксшылардың есімі аталады, бірақ нақты ешкім жоқ.

Канелоның ісіне қатысты отырыс 18 сәуірде өтеді, жекпе-жектің тағдыры сол күні анықталмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или