Бірінші лиганың алғашқы туры аясында бүгін бес матч өтті
Бүгін Қазақстан Бірінші лигасының ойындары басталды. Биыл Бірінші лигада 12 команда бақ сынайды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Алғашқы турға жоспарланған алты кездесудің бүгін бесеуі өтті. Ал «Алтай» мен «Ақтөбе Жас» командалары ертең кездеседі.
Алғашқы турда жолдары түйіскен «Байқоңыр» мен «Тараз» командасы тең тарқасты. Маусым жаңа басталғандықтан болар қарсыластар нәтижелі ойын көрсете алмады.
«Байқоңыр» - «Тараз» 0:0
Ал Премьер лигадан шығып қалған тағы бір клуб «Оқжетпес» сырт алаңда «Жетісу Б» командасын жеңді. Ойындағы жалғыз голды Мұқит Жақсылық соқты.
«Жетісу Б» - «Оқжетпес» 0:1
Гол: Мұқит Жақсылық
Шымкенттік «Қыран» футбол клубы қарағандылық «Шахтер-Болатты» қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті. Осылайша, шымкеттік команда алғашқы турдан кейін турнирлік кестеде көш бастады.
«Қыран» - «Шахтер-Болат» 4:1
Гол соққандар: Махамбетов Аблайхан 16 (1:0), Махамбетов Аблайхан 42 (2:0), Жолдасов Нурсайын 90 (4:1), Левин Евгений 90+2 (4:1) - Бернацкий Константин 60 (2:1)
Жетісай жерінде өткен «Мақтаарал» - «Екібастұз» кездесуінде де есеп ашылған жоқ. Қос команда қарсыласының осал тұсын таба алмай, бір-бір ұпайды қанағат тұтты.
«Мақтаарал» - «Екібастұз» 0:0
Алматылық «Қайрат А» командасы күтпеген жерден өз алаңында «Кәспиден» жеңіліп қалды. Ойынды сәтті бастап, алғаш болып гол соққанымен, жеңісті есепті ұстап тұра алмай, Маңғыстаудан келген қонақтарға есе жіберді.
«Қайрат А» - «Кәспи» 2:3
Гол соққандар: Кривенцев, Бахтияров – Қадырбаев, Қызылтаев, Нұрсұлтанов