Қазақстандық боксшылар Канадада жекпе-жек өткізді
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов Канаданың Монреаль қаласында кезекті жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz
Жеңіл салмақта өнер көрсетін Батыр Жүкембаев мексикалық Ное Нунезді жекпе-жектің 35-ші секундында сұлатып түсірді. Ал <span>Абылайхан Құсайынов тағы бір мексикалық боксшы Хильберто Месті төрешілердің</span><span> (77-74, 77-74, 76-75) бірауызды шешімімен жеңімпаз атанды.</span>
Айта кетейік, Батыр Жүкембаева шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Ол соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсанда америкалық Уилберт Лопеске қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен. <span>Ал Абылайхан Құсайынов шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізіп, 5 кездесуінде қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.</span>