«Қайрат» Шымкентте «Ақтөбені» жеңе алмады

«Қайрат» Шымкентте «Ақтөбені» жеңе алмады

Қазақстан Премьер лигасының үшінші туры аясында өткен «Ақтөбе» - «Қайрат» кездесуі аяқталды.

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионда өткен матчта 1:1 есебі тіркелді.

Бір қызығы ойындағы екі голды да алматылықтар соқты. Кездесудің 11 минутында қорғаушы Шелдон Бато байқаусыз өз қақпасын көздеп алды.

Ал «Қайрат» командасы есепті араға жеті минут салып теңестірді. Аршавинмен тізе қоса тамаша шабуылға шыққан Исаэль Нурмухаметов қорғаған қақпадан саңлау тапты.

Ойынның алғашқы 20 минутында екі гол соғып алған қос команданың бұдан әріге күштері жетпеді. Кезектесіп шабуылдар ұйымдастырғанымен, матчтағы үшінші голды соғудың еш сәті түспеді.

Осылайша, чемпиондыққа таласуды мақсат ететін «Қайрат» командасы Премьер лиганың бар болғаны үшінші турында ұпай жоғалтты. Ал «Ақтөбе» командасы маусым басында аздап әурешілікке ұшырағанына қарамастан үш кездесуден төрт ұпай еншіледі.

«Ақтөбе» - «Қайрат» 1:1 (1:1)

Гол соққандар: Бато 11 (ӨҚ) - Исаэль 18

«Ақтөбе»: Нұрмұхаметов, Каиров, Какимов, Сәулет, Милишевич, Симчевич, Фабрисио, Рейналдо, Радин, Морис, Волков

«Қайрат»: Покатилов, Бато, Элек, Әліп, Вороговский, Исаэль, Қуат, Исламхан, Сүйімбаев, Уго, Аршавин

Төрешілер: Игорь Алешин (Павлодар), Дмитрий Будниченко (Экибастуз), Дмитрий Белоградов (Павлодар)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или