Үшінші турда көшбасшылар ұпай жоғартпауы тиіс
Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты үзілген Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады.
Алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығармаған төрт команда бар. Олар: «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Ертіс».
Аталған төрт команданың төртеуінде де үшінші турда қоржындарын үш ұпаймен толықтыратын мүмкіндік бар. Себебі бұл командалар үшінші турда бір-бірімен кездеспейді.
«Ертіс» «Ақжайыққа» қонаққа барады. Оралдық команда көп жағдайда «қонақжайлық» танытып жүр. Бұл ойында да қонақтардың жеңіске жетуге мүмкіндігі көбірек.
Алғашқы екі турда негізгі құрам ойыншыларының басым бөлігін алаңға шығара алмағанына қарамастан қоржындарына үш ұпай салып үлгерген «Ақтөбе» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Бұл ойында ақтөбелік команда сенім артқан барлық ойыншыларын алаңға шығара алады. Қос команда да үш ұпайға мұқтаж болғандығына қарамастан жеңіске жету мүмкіндігі алматылықтарда көбірек.
Ел біріншілігінде төрт жыл қатарынан қарсылас шыдатпай келе жатқан «Астана» командасына бұл турда Қызылодарданың «Қайсары» «жемтік» болатын шығар.
Ал «Ордабасы» клубына Атырау жерінде оңай болмайын деп тұр. Алғашқы екі турда жеңілістің кермек дәмін татқан «Атырау» биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпайын осы ойында алуы тиіс.
Бұл аталған төрт ойын наурыздың соңғы күні өтсе, сәуірдің алғашқы күніне екі ойын жоспарланған.
Жыл сайын алдына жоғары мақсаттар қойып, жете алмай жүрген «Тобыл» «Қызылжарға» қонаққа барады. Петрапавлдық команда алғашқы екі ойында жеңіліс тапқанымен жанкүйер көңілінен шығатын ойын үлгісін көрсете алды. Олармен ойында үш ұпай алу оңайға соқпайтынын «Ордабасы» мен «Қайрат» ойыншылара айтып бере алады. Солтүстікте орналасқан облыстардың дербиінде қостанайлықтар кемінде ұтылмауы тиіс.
«Астананың» дәуірі басталмай тұрған шақта ел біріншілігінің алтынына «Шахтер» мен «Жетісу» таласып алғашқылары жеңіске жеткен десек сенбеуіңіз мүмкін. Дегенмен бұл расымен солай. Асқар Қожабергенов тізгінін ұстаған «Жетісу» сол жылы қарсылас біткеннің апшысын қуырып, ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Кумыков командасын басып озуға Кереку жеріндегі сәтсіздік себеп болғанын да айта кетейік.
Бұл күндері екі командаға да ел біріншілігінде үздік бестіктің қатарына ену арман.
Бірінші сәуір күні болатын ойында екі команда бір-бірден ұпай ұстап бір ұпай «ауаға» кетсе де таң қалмаймыз.
Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші турындағы барлық ойындар жайлық ақпаратты, кездесулердің тікелей трансляциясын Рrosports.kz сайтынан таба аласыз.