Ресми: Таңат Нөсербаев «Тобылға» ауысты

Ресми: Таңат Нөсербаев «Тобылға» ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Таңат Нөсербаев маусымның соңына дейін «Тобыл» командасына жалға берілді. Бұл ақпаратты қостанайлық клубтың ресми сайты жариялады.

Шымкент футбол мектебінің түлегі Таңат мансабын «Ордабасы» командасында бастаған. Өзінің үздік ойынының арқасында 2011 жылы елордалық «Локомотивке» (қазіргі «Астана») ауысқан.

Ал өткен маусым өзінің туған командасына қайта оралған болатын. Әрі «Ордабасы» сапында 22 ойынға қатысып, 9 гол соқты.

Даңқты футболшы алдағы бір маусымды «Тобыл» командасында өткізетін болады. Алаңда 79-шы номермен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или