Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылар тізіміне енді
Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты және перспективті футболшылар топтастырылған тізімнен орын алды. Бұл ақпаратты Sideline Scouted порталы таратып отыр.

Аталған тізімге «Қазақтың Мессиінен» бөлек әлем футболының жұлдыздары Матео Ковачич, Килиан Мбаппе, Антони Марсьяль, Юлиан Вайгль, Александр Головин, Джанлуиджи Доннарумма, Амаду Диавара қатарлы жас футболшылар енген.

Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Сейдахмет биыл жыл басында ресейлік «Уфа» футбол клубымен келісімшартқа қол қойған болатын. Әрі Ресей Премьер лигасы аясында «Анжиге» қарсы ойында алаңға шықты.

Бұдан бөлек, 18 жастағы Еркебұлан 23 наурыз күні Венгриямен өткен ойында Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебютін жасады (3:2). Сонымен қатар, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын да осы кездесуде соқты.