русский язык
Әлем футболы

Иско бастаған испаниялықтар Аргентинаны қарсылас құрлы көрмеді

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жолдастық кездесуде Испания құрамасы Аргентина футболшыларын қарсылас құрлы көрген жоқ.

Әлем чемпионатын жеңіп алудан басты үміткер құрамалар қатарынан саналатын қос ұжым арасындағы кездесу 6:1 есебімен аяқталды.

Жолдастық кездесу болса да дәл мынадай орасан есептің тіркелетінін ешкім күткен жоқ еді.

Кездесудің алғашқы таймы 2:1 есебімен аяқталғанымен, екінші таймда испаниялықтар қарсыластар қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Ұлттық құрама сапында ерекше өнер көрсететін Иско хет-тирк орындады.

Бір қызығы Хорхе Сампаолидің сансыз шабуылшыларының бірде-бірі гол соға алмай, жалғыз голды қорғаушы Отамендидің соққаны болды.

Испания – Аргентина 6:1

Гол соққандар: Коста, 12, Иско, 27, 52, 75, Алькантара, 57, Аспас, 73 – Отаменди, 40

Испания: Де Хеа — Карвахаль, Рамос, Пике (Аспиликуэта, 72), Альба (Алонсо, 79) — Алькантара, Коке, Иньеста (Сауль, 56) – Иско (76), Коста (Аспас, 46), Асенсио

Аргентина: Ромеро (Кабальеро, 22) – Бустос (Меркадо, 62), Отаменди, Рохо, Тальяфико — Билья, Маскерано — Меза, Банега (Перес, 62), Ло Чельсо – Игуаин (мартинес, 59)

Ескерту алғандар: Иско – Тальяфико, Меза, Рохо, Павон

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;