Флойд Мейвезер аралас жекпе-жектен қашан сынға түсетінін айтты

Флойд Мейвезер аралас жекпе-жектен қашан сынға түсетінін айтты

<span>Бірнеше салмақта әлем чемпионы атанған кіші Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек (MMA) спортынан қашан сынға түсетінін айтты, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.</span>

<span>Америкалық боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен бокс кешін өткізгеннен кейін, аралас жекпе-жектен де бағын сынап көруді ұйғарған болатын. Тіпті, жаттығуға да білек сыбана кіріскенін айтты. </span>

<span>- Біз жаттығуды бастап кеттік. Физикалық тұрғыдан емес, жай ғана қарапайым шыдамдылықты арттыратын жаттығуларды бастадым. Аралас жекпе-жекте өнер көрсету туралы ойлап жүрмін, жалпы мұндай ой бұрын да болған. Қазір Майамиде күрес, джиу-джитсу сынды спорттың әдістерін меңгеріп жүрмін. Осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізгім келеді, – дейді Флойд.</span>

<span>Айта кетейік, Флойд Мейвезер 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или