Сатыбалдинованың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сатыбалдинованың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың (0-0-1) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды. 

BoxRec.com сайтының мәліметінше, отандық боксшы қыз 28 сәуірде Лос-Анджелестегі рингке шығатын болды. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді. Аида Сатыбалдинованың қарсыласы әзірге белгісіз. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Лиза Портермен (1-1-2) кездескен болатын.

Еске сала кетсек, Youtube желісіндегі танымал EsNews арнасының авторы Эли Секбах<span> </span>қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың GGG-ге теңеген еді.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или