Болгария – Қазақстан: тікелей трансляция

Болгария – Қазақстан: тікелей трансляция

26 наурызда Астана уақытымен 22:00-де футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Болгария командасымен кездеседі.

Матч Венгрияның Фельчут қаласындағы «Панчо Арена» стадионында өтеді. Матчтың тікелей трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Болгариялық маман Станимир Стоилов үшін бұл Қазақстан құрамасының тізгініндегі екінші матч болмақ. 23 наурызда оның шәкірттері Будапештте Венгрия құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, 13 матчтық жеңіссіз серияға нүкте қойған.

Негізгі құрам: Владимир Плотников (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков - Исламбек Қуат, Бақтиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан - Роман Мұртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет, Сергей Хижниченко.

Қосалқыда: Александр Мокин (Қ), Ненад Эрич (Қ) - Дмитрий Шомко, Елдос Аxметов, Нұралы Әліп, Дмитрий Мирошниченко – Магомед Парагульгов, Юрий Перцуx, Еркебұлан Тұңғышбаев - Алексей Щеткин. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или