Игорь Шитов Беларусь құрамасы сапындағы 55-ші кездесуін өткізді

Игорь Шитов Беларусь құрамасы сапындағы 55-ші кездесуін өткізді

«Астана» қорғаушысы Игорь Шитов Беларусь құрамасы сапында Әзірбайжанға қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, ойын соңына дейін өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ойын 31 жастағы ойыншы үшін Беларусь құрамасы сапындағы 55-ші кездесуі ретінде тіркелді. Игорь 2008 жылы құрама сапында Исландияға қарсы кездесуде дебют жасаған еді. Ол кезде Шитов небәрі 21 жаста болатын.

«Астана» қорғаушысы өз ұлттық құрамасы сапында 2008 жылы Финляндияға қарсы жолдастық кездесуде 1 гол соққан.

Айта кетейік, Беларусь – Әзірбайжан арасындағы ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или