Ел құрамасы допты хоккейден өткен әлем чемпионатында үшінші орын алды
Қазақстан допты хоккей тарихында тұңғыш рет 17 жасқа дейінгі құрама Әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Наурыздың 22-24 күндері Ресейдің Ульяновск қаласында 17 жасқа дейінгі құрамалар арасында допты хоккейден Әлем чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы алғашқы рет қатысып, жүлдеге ие болып отыр. Топтық кезеңнен өткен жігіттеріміз жартылай финалда Швеция құрамасына жол берді. Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде 5-1 есебімен Финляндия құрамасын ойсырата жеңді.
Қазақстан сапында Дәурен Оралов 4 гол соғып покер жасаса, тағы 1 гол Ершат Амангелдиевтің еншісінде.
Сондай-ақ, құрама шабуылшысы Дәурен Оралов 7 голымен бомбардилер бестігіне енді.
Финалдық кездесуде Швеция жасөспірімдері Ресейді 4-2 есебімен жеңіп, чемпион атанды