Станимир Стоилов: Болгарлар жеңіліп қалса, мен жыламаймын
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов алдағы Болгарияға қарсы жолдастық матчта оның достары мен туыстары кімге жанкүйер болатынын айтты.
«Бұл жолдастық матч болатыны қандай жақсы. Менің достарым Болгарияға да, Қазақстанға да жанкүйер болады. Жеңімпаз кім болса да, ешкім шағым жасамайды. Болгария – бұл менің отаным, мен ол жақта футболшы әрі бапкер ретінде өстім. Тек позитивті сезім ғана бар. Бұл футбол: кім жақсы ойнаса, сол жеңіске лайық болады. Болгарлар жеңіліп қалса, мен жыламаймын», - деді Стоилов баспасөз-мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстан – Болгария матчы 26 наурызда Венгрияның Фельчут қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или