Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті

Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті

Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен бокс кешінде Арман Рысбек жергілікті боксшы Хонатан Эзекиель Агиррені (3-3-0) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Арманның жойқын соққыларына 27 жастағы боксшы қарсы тұра алмады.

Отандасымыз осының алдында тағы бір аргентиналық боксшы  Виктор Леонардо Лотоны төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Арман Рысбек Boxrec рейтингісінде 696-шы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или