Астанада 17 тәрбиеленушінің арманы орындалды

Астанада 17 тәрбиеленушінің арманы орындалды

Елордадағы балалар үйінің балғындары Әз-Наурызда балаң арманына жетіп, көптен күткен «Барыстың» хоккейшілерімен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпқой клубтың мүшелері 17 жеткіншекті жаңа аренамен таныстырып, дайындық барысын көрсетті. Балалар 1 жарым сағат бойы тартысты ойынды тамашалап, сүйікті хоккейшісінің әр қимылын бағып отырды. Дайындықтан соң тісқаққан қақпашы Хенрик Карлссон өз таяқшасына қолтаңба жазып, жанкүйер балақайға сыйға тартты. Команда мүшелері балалар үйінің ұл-қыздарымен естелік суретке түсіп, мұз айдында ойнауға рұқсат етті. «Барыстың» таяғын қолға алып, өзін бір сәт кәсіпқой хоккейші сезінген балғындардың қуанышында шек жоқ.

Захар Литвиенко, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Маған хоккей өте қатты ұнайды. Мен келешекте Роман Савченко сияқты болғым келеді. Маған оның ойнағаны ұнайды, мен өзім хоккеймен айналысамын. Мен атықты хоккейші болғым келеді. Ғалым Мамбеталиев,

«Барыс» ХК бас бапкері жаттықтырушысы:

- Балаларды спортқа баулу керек. Хоккей ғана емес, басқа үйірмелермен де қызықтырып, ынталандырған жөн. Себебі қазір жеткіншектерді тура  жолдан тайдыратын құбылыстар өте көп. Ал бүгінгі кездесудің берері мол. Мұндай ойындар балалардың жадында жатталып, жақсы әсер етері сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или