«Ордабасы» клубы жалақының кешіктірілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды
«Ордабасы» футбол клубының баспасөз хатшысы Ихсан Кадыров клубтың қаржылық проблемалары туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бізде ешқандай да жалақыны кешіктіру мәселесі болған жоқ . Мұндай қауесеттерді таратудың кімге керек болғанын білмейміз. Бірақ, бұлай істеу дұрыс емес. Журналистерден ақпаратты жарияламай тұрып, оның шын-өтірігін тексерулерін сұраймыз.

Осыдан сәл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, «Ордабасы» клубы ойыншыларға, жаттықтырушылар штабына және клубтың басқа қызметкерлеріне екі ай бойы жалақы төлемеді деген ақпарат тараған болатын.

Естеріңізде болса, бұндай жағдай өткен маусымда да орын алған еді. Ол кезде ойыншылар 4 ай бойы жалақыларын ала алмағандықтан, жаттығудан бас тартқан еді. Осыдан кейін ғана клуб басшылығы футболшыларға қарызын қайтаруға уәде берген болатын. Әрі өткен жылдың соңына қарай ойыншылар алдындағы қарыздар қайтарыла бастаған.