Елеусінов пен Ниязов Джейкобстың андеркартында шығады
2016 жылғы Рио ойындарының чемпионы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 28 сәуірде Бруклиндегі Barclays Center аренасында өтетін бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады.
<span>Бокс кешінің басты оқиғасы – Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен польшалық Мацей Сулецкидің (26-0, 10 КО) кездесуі. Елеусінов осы жолы кәсіби рингте алғаш рет жұдырықтасады. Боксшы орта салмақта өнер көрсетеді. Сондай-ақ бокс кеші аясында Қазақстан тумасы Димаш Ниязов та (13-0-3, 6 КО) шаршы алаңға шығады. Қазақстандық боксшылардың қарсыласы кім екені әзірге белгісіз. </span>
<span>Еске сала кетейік, Димаш Ниязов осыған дейін де Джейкобстың андеркартында жұдырықтасқан болатын. Боксшы былтыр қараша айында амеркиалық Агустин Маурасты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.</span>